Мәзір
15 қыркүйек, 2024 / Admin / Медицина

Мүгедек тұрғын пандустан құлап түскені үшін ақша өндіріп алды

Мүгедек тұрғын пандустан құлап түскені үшін ақша өндіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мүгедек тұрғын пандустан құлап түскені үшін ақша өндіріп алды Мүгедек тұрғын пандустан құлап түскені үшін ақша өндіріп алды
Фото: elements.envato.com

Ақтау қаласының №2 сотында А.-ның (мүмкіндігі шектеулі тұлға) жауапкер мемлекеттік мекемеге материалдық және моральдық шығындарды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Сотта А. 2024 жылдың 18 қаңтарында ММ-нің ғимаратының кіреберісіндегі пандустың тарлығынан және биік болуынан мүгедектік арбамен жерге құлағаны анықталды.

Сот-медициналық сараптама қорытындысына сай, А. орта дәрежедегі дене жарақатын алған. А. өзінің арызында, ем қабылдауға, дәрі-дәрмектер алуға кеткен материалдық және өзіне келген моральдық залалдарды өндіруді сұраған.

Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті, ММ-ге қатысты тексеру жүргізген. Тексеру нәтижесінде, ММ-де пандус "Ғимараттар мен ғимараттарды халықтың қимылы шектеулі топтары үшін қолжетімділіктің есебімен жобалау" ережелер жинағының 3.06-101-2012 4.3.2.30 және 3.06.-101-2012 4.3.2.2. тармақтарына сай келмейтіні, яғни пандустың екінші сатысының көлбеуі жоғары екені және ғимараттың пандусының кіреберіс алаңының көлемі тар екенін анықтап, ММ-ге бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берген.

Сотпен жауапкер ММ-нің кіреберісіндегі пандустың заң нормаларына сәйкес келмеуінен талап қоюшы А. дене жарақаттары салдарынан материалдық және моральдық залалдар келгені анықталды.

Сот шешімімен арызы қанағаттандырылып, жауапкер ММ-ден А.-ның пайдасына материалдық шығын 500 мың теңге және моральдық залал 1 миллион теңге өндірілді.
Шешім заңды күшіне енді.