Мәзір
15 қыркүйек, 2024 / Admin / Жаңалықтар

ҰҚК Көшпенділер ойындарындағы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады

ҰҚК Көшпенділер ойындарындағы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады ҰҚК Көшпенділер ойындарындағы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады

ҰҚК Астанадағы көшпенділер ойындарындағы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство 2024 жылы 12 қыркүйекте БАҚ беттері мен әлеуметтік желіде ҰҚК қызметкері көкпардан Қырғызстан құрамасының ойыншысына қысым көрсеткені туралы ақпарат тарағанын атап өтті.

"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. ҰҚК қызметкерлері бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу барысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан жоқ. Ресми ақпарат көздеріне ғана сенуді ұсынамыз",-делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін көкпардан өткен турнирдің финалында Көшпенділердің дүниежүзілік ойындарында Қырғызстан мен Қазақстан құрамалары кездескен болатын. Бірінші таймның соңына 6 минут қалғанда 1:3 есебімен Қырғызстан құрамасының пайдасына ипподромда жанжал туды. Спортшыларды ажырату үшін құмда полиция өкілдері пайда болды. Жарты сағаттан кейін ғана матч жалғасып, командалар алаңға оралды.

Сілтемесіз жаңалық оқисызба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!