Синоптиктер Алматы мен Астанада алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астана
18 қыркүйекте Астанада жауын-шашынсыз көшпелі бұлт күтіледі. Жел шығыстан соғады, түнде екпіні секундына 3-8 метр, күндіз 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 0-2 жылы, топырақ бетінде 1 градус аяз, күндіз 15-17 жылы.
19 қыркүйек көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 17-19 жылы.
20 қыркүйек көшпелі бұлт, таңертең және түстен кейін жаңбыр жауады. Жел шығыстан солтүстік-батысқа қарай ауысады, екпіні секундына 9-14 метр. Түнде ауа температурасы 5-7, күндіз 17-19 жылы.
Алматы
Алматыда 18 қыркүйекте көшпелі бұлттылық, түнде жаңбыр жауады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, екпіні секундына 3-8 метр. Түнде ауа температурасы 8-10, күндіз 18-20 жылы.
19 қыркүйек көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 21-23 жылы.
20 қыркүйекте көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 22-24 жылы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!