Ғылым

"Сынып жетекші болуға таласады": сынып жетекшілердің айлығы өседі – министр...

Министрдің айтуынша, енді сынып жетекшілерінің айлығы да, категориясы да өсіп, оларға деген сұраныс артады. Бұрын сынып жетекші болудан қашатын ұстаздар, таласатын болады деп есептейді Ғани Бейсембаев.

Келесі жылы сынып жетекшілерінің үстемақысы 8 мың теңгеден 30 мың теңгеге дейін көтерілуі мүмкін. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді. Оның айтуынша, сынып жетекшілерінің еңбекақысын арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, бірақ бұл шешім тек министрліктің құзырында емес. Ол Экономика және Қаржы министрліктерімен бірлесіп шешілуі тиіс.

Министрліктің есептеулері толық аяқталған, және енді бұл мәселені мемлекеттік органдармен бірлесіп шешу ғана қалды. Егер барлық қажетті шаралар қабылданса, келесі жылы сынып жетекшілерінің үстемақысы үш есе артуы ықтимал.

Бұған дейін министр сынып жетекшілерінің үстемақысын 8 мың теңгеден 30 мың теңгеге дейін көтеру жоспары бар екенін айтқан болатын​.