Қарағанды облысының жолдарында мал ұрлығына қарсы күрес мақсатында блокпостар орнатылды. Полиция қызметкерлері 18 жылжымалы блокпостта мал және ет тасымалдап жатқан жүргізушілердің құжаттарын тексеріп жатыр.
Жыл басынан бері облыста 25 мал ұрлығы фактісі тіркелген, оның 18-і ашылған. Мысалы, өткен аптада Бұқар жырау ауданында бір барымташы ұсталып, ол голштиндік тұқымды сиырды ұрлаған. Оның құны миллион теңгені құрайды.
Полицияның мәлімдеуінше, жылжымалы блокпосттар арнайы бұйрыққа дейін жұмыс істей бермек.