Мәзір
17 қыркүйек, 2024 / Admin / Саясат

Жапаров пен Рахмон Астанаға ұшып келді

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмон Астанаға келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жапаров пен Рахмон Астанаға ұшып келді Жапаров пен Рахмон Астанаға ұшып келді
Фото: president.tj

Тәжікстан көшбасшысының баспасөз қызметінің мәліметінше, Рахмонды Астана халықаралық әуежайында премьер-министр Олжас Бектенов және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.

Фото: president.tj

Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі Астана әуежайында Садыр Жапаровты премьер-министрдің орынбасары - Үкімет Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев және басқа да ресми тұлғалар қарсы алғанын хабарлады.

Фото: president.kg

Еске салайық, бұған дейін Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан президенттері Астанаға жолға шыққаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!