Алдын ала ақпаратқа сәйкес, келісімшарт бойынша әскери қызметкер отбасылық-тұрмыстық жанжал аясында өзіне-өзі қол жұмсауға әрекет жасаған. Келісімшарт бойынша әскери қызметкер аудандық ауруханаға жеткізілді, оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі.
"Қазіргі уақытта денсаулық жағдайы тұрақты-ауыр деп бағаланды. Өмірге қауіп жоқ. Жаралану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі.
Бұған дейін Қорғаныс министрлігі Ақтауда оқ жарақатынан мерзімді сарбаздың қаза табуына қатысты түсініктеме берген болатын. Айта кетейік, мерзімді сарбаз Маңғыстау полигонында жараланған. Ол ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болды. Ақтау гарнизонының баспасөз қызметінің мәліметінше, өлім қарумен жұмыс істеу ережелерін бұзу салдарынан болған.