Мәзір
17 қыркүйек, 2024 / Admin / Саясат

Қазақстанның жаңа Бас санитарлық дәрігері тағайындалды

Сархат Бейсенова санэпидбақылау комитетінің басшысы - Қазақстанның Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанның жаңа Бас санитарлық дәрігері тағайындалды Қазақстанның жаңа Бас санитарлық дәрігері тағайындалды
Сархат Бейсенова. Фото: Primeminister.kz

 

"Үкімет қаулысымен Сархат Сағынтайқызы Бейсенова Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы - Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Қазақстанның Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметін Айжан Есмағамбетова атқарған. Бұл ретте ол лауазымды Денсаулық сақтау вице-министрі қызметімен ұштастырды.

Сархат Бейсенова 1972 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік медицина институтын, Тұран-Астана университетін бітірген.

Еңбек жолын 1989 жылы Ақмола облыстық онкологиялық диспансерінде санитар болып бастаған.

1996-1998 жылдары - Ақмола санитарлық-эпидемиологиялық станциясының дәрігер-эпидемиологы.

1998-1999 жылдары - Ақмола облыстық ішкі істер басқармасының дәрігер-эпидемиологы.

1999-2002 жылдары - дәрігер-эпидемиолог, Астана қаласы Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі.

2002-2007 жылдары - Астана қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім бастығы.

2007-2009 жылдары - мемлекеттік санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау департаменті директорының орынбасары-Астананың бас санитарлық дәрігерінің орынбасары.

2009 жылдан 2014 жылға дейін - денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті директорының орынбасары, Астана бойынша департамент директоры.

2014-2015 жылдары - тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Астана қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің басшысы.

2015-2017 жылдары - Ұлттық экономика министрлігі тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Астана қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары.

2017-2019 жылдары - денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары.

2019-2020 жылдары - денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Астана қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары.