Мәзір
17 қыркүйек, 2024 / Admin / Саясат

Қазақстан мен Германия қандай құжаттарға қол қойды?

Келіссөздер қорытындысы бойынша Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Федералдық канцлер Олаф Шольц Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы арасындағы ынтымақтастық туралы Бірлескен декларация қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан мен Германия қандай құжаттарға қол қойды? Қазақстан мен Германия қандай құжаттарға қол қойды?
Фото: Ақорда

Сонымен қатар ресми делегация мүшелері мынадай құжаттарға қол қойды:

  • Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мен Дойче Бундесбанк арасындағы Орталық банктер ынтымақтастығының техникалық мәселелері жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
  • Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Германия Федеративтік Республикасының Федералдық Сыртқы істер министрлігі арасындағы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті жанынан Қазақстан-Неміс ғылым және технологиялар институтын құру жөніндегі ниет туралы меморандум;
  • Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы мен "Возрождение" қазақстандық немістер бірлестігі" қоғамдық қоры және Германия Федеративтік Республикасының Федералдық Сыртқы істер министрлігі арасындағы қазақ-неміс мектебін құру ниеті туралы меморандум.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!