Бұл туралы ол Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйенмен бірге сөйлеген сөзінде мәлімдеді.
«Біз Украинаны барынша күшейтуіміз керек, осы жылы екінші "бейбітшілік саммитін" ұйымдастырып, қақтығысқа нүкте қоюымыз қажет», – деді Зеленский. Бұл мәлімдемені «Интерфакс-Украина» ақпарат агенттігі жариялады. Ол өзінің «бейбітшілік формуласын» қақтығысты шешудің жалғыз мүмкін жолы деп атап, Украинаның осы мақсатқа жету үшін күшеюінің маңыздылығын ерекше атап өтті.
Бұған дейін Зеленский Украина тарапынан Ресеймен қақтығысты бейбіт жолмен реттеудің жоспары 90%-ға дайын екенін хабарлаған еді. Оның айтуынша, бұл жоба қақтығысты тоқтатуға жақындататын нақты қадамдардан тұрады.