Семейде Сәкен Сейфуллиннің аты-жөнін қате жазғандар сынның астында қалды. Себебі Сейфуллин көшесіндегі тақтайшаны жаңартқанда "Л" әрпі түсіп қалған.
Бұл көшедегі жүзден астам тақтайша қайта жаңартылған. Бірақ бәрінде қоғам қайраткерлерінің тегі қате жазылған. Сондықтан жауаптылар олқылықты дереу жоюға уәде берді. Айтуларынша, қателік байқаусызда болған. Сондықтан мердігер мекеме есебінен сауатсыз жазылған тақтайшаларды түгел ауыстырамыз дейді әкімдіктегілер.
"Жіберілген қатені түзеп, Сейфуллин көшесіне қайтадан тақтайша ілеміз. Конкурсты ұтып алған мердігер ұйым қалпына келтіреді", - деді Семей ТКШ бөлімінің маманы Қанатжан Жылқыбаева